Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Б. Сағынтаев мектептер және жолайрықтар құрылысының барысымен танысты

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары кезінде инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымдар салынып жатқан бірқатар ықшамауданды аралады, сондай-ақ аумақты абаттандыру жобаларымен танысты.

Алматы әкімі Instagram-дағы парақшасында троллейбус паркін дамыту мен ондағы жүргізушілерге әлеуметтік жағдай жасау, жеңіл рельсті көлікті дамыту, сондай-ақ Алатау ауданындағы Алғабас ықшамауданында инженерлік инфрақұрылым салу жобаларымен танысқанын хабарлады. Мұнда 13,5 км сумен жабдықтау және 17 км су бұру желілері салынады. Жол төсеу мен тегістеу жұмыстары жүріп жатыр.

«Көлік жолайрығының құрылыс алаңдарында болдым. Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысындағы құрылыс жұмысын жыл соңына дейін, Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесіндегі жұмысты келесі жылдың бірінші жартыжылдығында аяқтау жоспарда бар», — деп жазды Б. Сағынтаев.

Әкімнің тапсырмасы бойынша Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму, Қалалық мобилділік басқармалары инфрақұрылымдық желілер жөнделген Төле би көшесіндегі учаскелерді ретке келтіреді.

Алматы әкімі сонымен қатар Алатау ауданы Саялы ықшамауданындағы 1800 орындық мектеп құрылысының барысымен танысты. Нысан осы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Ал, Түрксіб ауданындағы Огарев көшесінде заманауи балабақша мен Оқушылар үйін салу жоспарланған.

Б. Сағынтаев әуежай скверін, Маяк тоғайын қалпына келтіру және Боралдай өзені жағалауын абаттандыру жобаларын қарады. Мұнда Алатау ауданы Көк-қайнар ықшамауданының тұрғындары үшін ересектердің демалуына арналған жаңа қоғамдық кеңістік және балалар мен жасөспірімдерге арналған белсенді аймақтар құрылады.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.