Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Б. Сағынтаев кәсіпкерлермен қаладағы эпидемиологиялық ахуал мен карантин шараларының тиімділігін талқылады

Онлайн форматта өткен аймақтық үйлестіру кеңесінің отырысында Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев кәсіпкерлермен карантин шараларын сақтау және ШОБ-қа қолдау көрсету мәселелерін талқылады.

Б. Сағынтаев мутацияға ұшыраған вирус штаммының тарауына байланысты Алматыдағы эпидемиологиялық жағдайдың күрделілігін атап өтті. Оның айтуынша, таралу жылдамдығы бойынша қазіргі жағдай былтырғы жазға қарағанда әлдеқайда күрделі.

Эпидемия басталғалы бері қауіпті індетті жұқтырған 32 597 адам тіркелді (көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққанда 1602,0). 1 қаңтар мен 27 наурыз аралығында 14 856 науқас тіркелді, 2020 жылы КВИ-ді жұқтырған 18521 науқас тіркелген болатын. 27 наурызда бір күннің ішінде коронавирус инфекциясын жұқтырған 510 науқас тіркелді (жергілікті), соның ішінде 415 науқаста симптомды болса, 95-і симптомсыз.

Осы ретте Б. Сағынтаев барша тұрғындарды карантин шараларын қатаң сақтауға, бетперде киіп, әлеуметтік арақашықтықты сақтауға және көпшілік шараларды өткізуден бас тартуға, адам көп шоғырланған жерге бармауға шақырды.

Кездесуде кәсіпкерлер салық, жалдау ақысы мен басқа да міндетті төлемдерді кейінге қалдыру, сондай-ақ қаржылық қолдау сияқты шаралар мәселесін көтерді. Бұл мәселені әкімдік үкіметпен бірге талқылайды. Қала әкімінің тапсырмасы бойынша жазғы алаңдар мен «Ашық» жобасына кіретін компаниялардың жұмысын қалпына келтіру мүмкіндігі қарастырылады.

Сонымен қатар бизнес қауымдастық «Ашық» жобасының функционалын кеңейту мен вакциналанған тұрғындардың денсаулық паспортын енгізу туралы пікірлер айтты. Сондай-ақ аймақтық үйлестіру кеңесінің мүшелері алдағы жаппай вакциналау науқанын қолдауға дайын екендіктерін білдірді.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.