Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Б. Сағынтаев: Кезекші сыныптарда тәжірибелі мұғалімдер жұмыс істейтін болады

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев бірінші сыныпқа баратындарды оқытуға педагогикалық жоғары оқу орындарының түлектері тартылады деген ақпаратқа түсініктеме берді.

Алматы білім саласы қызметкерлерінің «Алматының білім болашағы: жаңа жағдайдағы перспективалық шешімдер» форумында Б. Сағынтаев кезекші топтардағы 1-2 сынып оқушыларымен тәжірибелі мұғалімдердің жұмыс істейтіндігін атап өтті.

«Бірінші сынып оқушыларының ата-аналары жоғары оқу орындарының тәжірибесіз түлектері немесе соңғы курс студенттері сабақ береді екен деп алаңдаушылық білдіруде. Бұған жол берілмейді. Мектеп табалдырығын жаңадан аттаған балалармен тәжірибелі мұғалімдер жұмыс істейтін болады. Еш күдіктенбеңіздер. Білім басқармасына тиісті тапсырма беремін», — деді Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Форумда жаңа жағдайда оқу процессін ұйымдастыру мәселелері талқылануда. Оның ішінде кезекші топтарда санитарлық қауіпсіздікті сақтау, қашықтан оқытуды ұйымдастыру, педагогтар мен мұқтаж оқушыларды компьютерлік техникамен және интернетпен қамтамасыз ету мәселелері. Сонымен қатар балабақшалар мен мектептерде орынмен қамтамасыз етудің өзекті мәселелері талқылануда.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.