Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Б. Сағынтаев: Биыл Алматыда ЭКО-ға 800 квота бөлінді. 2020 жылы 130 болды

Тұрғындармен өткізген есептік кездесуінде қала әкімі Б. Сағынтаев алматылықтардың WhatsApp әлеуметтік желісіне жазған «Президент квота жайлы айтқан еді. Алматыға қанша квота бөлінеді және оған кімдер жауапты?» деген сауалына да жауап берді.

«Аңсаған сәби» мемлекеттік бағдарламасы ағымдағы жылдың қаңтар айынан басталды. Осы бағдарлама аясында ЭКО-ға бөлінетін квота саны 7 есеге – 7000-ға дейін ұлғайтылды.

«Алматыға 800 квота бөлінді. Оған қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жауапты. Келесі жылы 300-350 квота деп министрлік тарапынан жоспарланып отыр. Республикалық бюджеттің тарапынан келіп жатқан қаржы. Оның кімдерге берілетіні құрылып жатқан комиссия арқылы мамандармен бірге басқарманың төңірегінде шешіледі», - деді қала әкімі.

Айта кетсек, өткен жылы қалада ЭКО-ға 130 квота бөлінген болатын. Әйелді ЭКО-ға жіберу туралы шешім қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы жанынан құрылған комиссия отырысында қабылданады. Бүгінгі күні кезекте 700-ден астам әйел тұр.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.