Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Б. Сағынтаев алматылықтарды қалада тәртіпті бірге сақтауға шақырды

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары барысында ағымдағы жылы абаттандыру жұмыстары жүріп жатқан ауданның бірқатар қоғамдық кеңістіктерінде болды.

Қала әкімі Б. Сағынтаев өзінің Instagram-дағы парақшасында жаңарған аулалар мен жаяу жүргінші аймақтарының қоғамдық кеңістіктерді нұрландыра түскенін атап өтті.

«Ауданға жасаған жұмыс сапары кезінде аумақтарды өзгертуге кешенді түрде қарап, шаң-тозаң болмау үшін барлық бос учаскелерді барынша көгалдандыруды тапсырдым. Биыл ауданда 205 аула, 9 сквер жөнделіп, 5 бос учаске, 2 жағалау аймағы абаттандырылды. №10 ықшамаудандағы жаяу жүргіншілер аймағы жөнделуде», — деп жазды Алматы әкімі.

Айта кетерлігі, Б. Сағынтаев бұл жұмыстардың барлығы тұрғындармен өткен есеп беру кездесулерінде айтылған өтініштер бойынша жасалғанын атап өтті.

«Адамдардың көңіл-күйлерінің қалай жақсарып жатқанын байқау қиын емес. Ықшамаудандар өмір сүруге ыңғайлы болып түрленуде. Ыңғайлы орындықтар, үстел ойындарына арналған үстелдер, балалар алаңдары тұрғындарға ұзақ қызмет етері сөзсіз», — деп атап өткен Б. Сағынтаев қала тұрғындары бұрынғыша өздері тұратын жерді абаттандырып, гүлдер мен ағаштар отырғызуды қолға алса деген ұсынысын білдірді.

«Тәртіпті сақтап, балаларымызға қаламызға ұқыпты қараудың үлгісін көрсетейік», — деді мегаполис әкімі.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.