Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматының жоғарғы аумағында енді көпқабатты үйлер салынбайды

Бұл шешім тұрғындардың сұранысына байланысты әзірленген.

Алматыда Абай мен әл-Фараби даңғылдары аралығында көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің қабаттылығына шектеу қойылады деп жоспарлануда. Одан бөлек, қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы әзірлеген жобаға сәйкес, Абай даңғылының жоғарғы жағынан әл-Фараби даңғылы аралығында бой көтеретін үйлер ендігіде 9 қабаттан аспауы тиіс. Бұл туралы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл шешім ең біріншіден, тұрғындардың сұранысына байланысты әзірленген. Нормативтік құқықтық акт күшіне енуі үшін ол Алматы қаласы мәслихатында қабылданып, Қазақстан Республикасының әділет органдарының тіркеуінен өтуі қажет. 

«Тұрғын үйлер саны тез өсіп жатыр. Ал әлеуметтік ғимараттар үлгере алмай жатыр. Сол себепті оны дұрыстап реттеу үшін біз осындай архитектуралық саясатты шығардық», - деді Жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.