Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматының волонтерлік ұйымдары жыл басынан бері 26 мыңнан астам қала тұрғынына көмек көрсетті

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында «Қазақстан еріктілері лигасы» ҚҚ Алматы филиалының төрайымы Бағдат Анарбаева хабарлады.

Алматыда еріктілер жылын өткізу аясында 78 іс-шарадан тұратын шаралар жоспары бекітілді. Оның ішінде 700 мыңнан астам адамды қамтыған 12 серпінді (зәкірлі) бар. Барлық жобалар мен іс-шаралар Мемлекет басшысы белгілеген міндеттерге сәйкес әзірленді және үйлестірілді — волонтерлікті «Сабақтастық», «Саулық», «Таза әлем», «Асыл мұра», «Қамқор», «Білім», «Үміт» бағыттары бойынша дамыту; аптасына 2 сағаттан корпоративтік волонтерлік, әлеуметтік волонтерлік және т. б.

Карантиннің бірінші күнінен бастап Алматы қаласының әкімдігі Жастар лофт-орталығының негізінде жедел волонтерлік штаб құрылып, оның құрамына қалалық волонтерлік, медициналық және қоғамдық ұйымдар енді.

Жалпы қала бойынша 1000-ға жуық волонтер жұмыс істеді, оның ішінде штабқа 100-ге жуық тұрақты волонтер тартылды. Еріктілерге коронавирустың таралуы жағдайында қауіпсіздік техникасы мен гигиена ережелері үйретілді. Сонымен қатар, еріктілерге төтенше жағдай кезіндегі сақтық шаралары мен мінез-құлық ережелері туралы қажетті нұсқаулар берілді. Қауіпсіздік техникасын сақтау мақсатында волонтерлер үшін жеке қорғаныс жағдайлары жасалды. Бұл арнайы киімдер, маскалар, стерильді қолғаптар, бахилалар, антисептиктер, сондай-ақ арнайы көлік пен тамақтану қамтамасыз етілген.

Штабтың негізгі қызметі халықтың мұқтаж санаттарына көмек көрсетуге бағытталды.

«Пандемия кезінде мұқтаж 26 мыңнан астам азаматқа азық-түлік пакеттері, медициналық бетперделер тарату, дәрі-дәрмек жеткізу түрінде көмек көрсетілді. Штаб тұрақты негізде қоғамдық орындарға мониторинг жүргізді. Бұзушылықтар анықталған кезде уәкілетті органдар кәсіпорындардың жұмысын шектейтін шаралар қабылдады. Сондай-ақ, еріктілер қалалық медицина қызметкерлеріне басқа елдерден келген азаматтарды ауруханаларға орналастыруға көмектесті», — деді Б. Анарбаева.

Қазіргі уақытта жедел еріктілер штабының волонтерлары келесі бағыттар бойынша көмек көрсетті:
- 4115 мұқтаж және әлеуметтік осал азаматтарға көмек көрсетілді, 193 отбасына медициналық бетперделер таратылды, ірі супермаркеттерде 9972 азық-түлік пакеттері өлшеніп, оралып (әлеуметтік әл-ауқат Басқармасының ұсынылған тізіміне сәйкес мүгедектік дәрежесі бар тұрғындарға, қарт адамдарға-тамақ өнімдерін, дәрі-дәрмектерді және т. б. тасымалдауға көмек көрсетілді);
- 166 нысанда қоғамдық мониторинг жүргізілді, оның ішінде 80 нысанда бұзушылықтар анықталды, оның қорытындысы бойынша уәкілетті органдар тиісті шаралар қабылдады (қызметті жүзеге асыруда шектелген сауда және қызмет көрсету объектілері жұмыс істеді);
- қаланың 100 дәріханасында қажетті дәрі-дәрмектердің бағасын негізсіз көтеру фактілерін анықтауға қоғамдық мониторинг жүргізілді, оның қорытындысы бойынша уәкілетті органдар тиісті шаралар қабылдады;
- симптомсыз коронавирустық инфекциямен ауыратын 80-нен астам тұрғынға дәрі-дәрмектерді тасымалдауға көмек көрсетілді;
- 5000 гуманитарлық көмек қорапшасын түсіру;
- 6250 тұрғынға жедел желі телефоны арқылы адамдармен байланыссыз ақпараттық-түсіндіру жұмыстары көрсетілді (күн сайын call-орталыққа 100-ден астам қоңырау түседі).

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін волонтер жылының ресми жабылуы аясында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы және Мемлекет басшысының атынан волонтерлер мен жастар ұйымдарының өкілдеріне марапаттар мен алғыс хаттарды табыс еткен болатын.

Анықтама: қала волонтерлері үшін almaty-volunteers.kz волонтерлер сайты жұмыс істейді.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.