Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматының Әуезов ауданындағы 95 үйде лифт ауыстырылып, шатырлар мен инженерлік желілер жөнделді

2023 жылы «2023-2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Әуезов ауданында 95 үйге жөндеу жұмыстары жүргізілді,оның ішінде: 57 үйде 102 лифт ауыстырылды және 38 үйде жалпы пайдалану орындарына күрделі жөндеу жүргізілді, яғни шатыр, инженерлік желілер. Бұл туралы Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиев Алматы қаласының ӨКҚ-нің брифингінде айтты.

«Жалпы аудан бойынша тұрғын үй қорын жаңғырту қажеттілігі қалып отыр, осыған байланысты жұмыстар келесі жылы да жалғасатын болады. 2024 жылдың бірінші тоқсанына тұрғындардан 7 үйде 10 лифт ауыстыруға және 20 үйде жалпы пайдалану орындарын күрделі жөндеуге өтінімдер бар», - деді аудан әкімі.

Оның айтуынша, азаматтық-тұрғын үй құрылысы бойынша нысандарды іске асыру жалғасуда. Ағымдағы жылы екі көпқабатты тұрғын үй кешені іске қосылды, жалпы ауданы 78 мың ш. м. ағымдағы жылдың соңына дейін тағы екі көппәтерлі тұрғын үй кешенін іске қосу жоспарланған, жалпы ауданы 83 мың ш. м. келесі жылы жалпы ауданы 143 мың ш. м. үш тұрғын үй кешенін іске қосу жоспарлануда.

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.