Биылғы жылы "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы Алматының Әуезов ауданында 34 жобаны жалпы іске асырумен 2 кезеңде өткізілуде. 16 жобаны іске асыру аяқталды. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді.
"2 кезеңді іске асыруға 875 млн. теңге бөлініп, 18 жоба іріктелді. Оның 10-ы қоғамдық кеңістіктерді жайластыру, 8-і бос учаскелерді абаттандыру. Бүгінгі таңда конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Құрылыс қазан айында басталып, қараша айында аяқталады деп жоспарланған", – деді қала басшысы.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі