Бұл туралы Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесуде қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.
Әуезов ауданындағы 161 аулаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатырБүгінгі таңда 118 жұмыс аяқталды, қалған 43 аула қараша айының соңына дейін аяқталады. Бұл туралы Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесуде қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.
Сонымен қатар 1,2 және Ақсай 1,2,3Б,4 шағынаудандарындағы 58 аулада жөндеу жұмыстары басталды. Жұмыстар қазанның соңында аяқталады.
ТКШ жаңғырту бағдарламасы аясында 12 үйде шатыр мен инженерлік желілерді жөндеу және ауданның 10 үйінде 15 лифт ауыстыру аяқталды. Қалған 15 үйді жөндеу және 17 үйдегі 70 лифтті ауыстыру 2023 жылдың қараша айының соңында аяқталады.
Қоғамдық кеңістіктерді одан әрі дамыту мақсатында біз Ақсай-4 шағынауданындағы скверді абаттандыруды жоспарланған. ЖСҚ-ға қатысты мемлекеттік сараптама қарашада шығады. Сондай-ақ 11 қоғамдық кеңістік бойынша ЖСҚ әзірлеу аяқталуда. Мемлекеттік сараптама 2023 жылдың қазанында басталады деп күтілуде ҚМЖ-ІІ тоқсан, 2024 жылдың IV тоқсанында аяқталады.
Дереккөз: Almaty.tv.