Алматының Түрксіб ауданындағы бірнеше үй суық судан уақытша ажыратылады.
3 ақпан күні сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін Елгина – Айтықов – Даналық – Шемякина көшелерінің аумағында су болмайды. Ал 4 ақпан сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін – Қожедуб – Айтықов – Даналық – Шемякина көшелерінің маңында су өшіріледі.
МКК «Алматы су» мәліметінше, суды өшірудің себебі жөндеу жұмыстарымен байланысты. Себебі жаңа су құбырын қолданыстағы су құбырына қосу үшін уақытша шектеулер енгізілу керек.
Дереккөз: zakon.kz