Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматының төрт шағын ауданында 395 км су құбыры және кәріз желілері салынады

Наурызбай ауданы құрылғаннан бері ауыз сумен қамтамасыз ету ең өзекті мәселе болып табылады. Бүгінде аудан тұрғындарын сапалы және үздіксіз сумен қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев халықпен есеп беру кездесуінде мәлімдеді.

Қала басшысы еске салғандай, өткен жылдың қараша айында Ақжар және Шұғыла шағын аудандарында 61 км су құбыры және кәріз желілерінің құрылысы сәтті аяқталды.

2024 жылдың маусым айында Ақжар, Қарағайлы, Тастыбұлақ және Таусамалы шағын аудандарында 395 км жаңа сумен жабдықтау және кәріз желілерінің құрылысын бастау жоспарлануда.

Ақжар мен Қарағайлы бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындылары алынды.

Тастыбұлақ және Таусамалы шағын аудандары үшін мемлекеттік сараптама биылғы жылдың наурыз айында аяқталады деп күтілуде, деп атап өтті Ерболат Досаев.

 

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

29 ақпан 2024

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.