Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматының Орталық саябағына «Тенгриан күнтізбесі» орнатылады

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде жаңарған Орталық мәдениет және демалыс саябағын аралап көрді. Бұрындары жаңа фонтандар, балалар мен спорт алаңдарын салуға басқарушы компания «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 1,6 млрд теңге жеке қаржыны инвестициялаған еді.

Орталық саябақ директоры Владимир Калинин өз сөзінде жарық діңгектерінің, асфальтты төсеніштердің, тротуар плиткалаларының жаңарғанын, заманауи навигацияның орнатылғанын айтты. Бұрын көлік тұрағы болған саябақтың нақ төріне спорт алаңдары, стрит-воркаут, баскетбол және футбол алаңдары, роллердром, заманауи бетонды скейт парк орналасқан. Жазғы сахна маңында жаңа субұрқақ пен 10 жыл бойы жұмыс істемей қайта жаңарған субұрқақ бар.

«Дәстүрді құрметтей отырып, реконструкциялау кезінде біз «Тенгриан күнтізбесін» бейнелейтін кешенді мүсін жасау туралы шешім қабылдадық, ал бұл Орталық Азияның көшпелі елдерінің 12 жылдық «шығыс күнтізбесін» көрсетеді. Осы ретте біз тарихшылармен, сарапшылармен кеңестік, олардың арасында белгілі өнертанушы доктор, профессор Әсия Ибадуллақызы Мұхамбетова бар. Меніңше, бұл жер болашақта саябақтың нағыз көрнекі орнына айналады деп ойлаймын», - деп атап өтті Владимир Калинин.

Биылғы жылдың өзінде мұнда тағы да қосымша жаңа балалар қалашығы, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін спорт алаңы және «Музыка бағы» пайда болады, дәл осы жерге Бауыржан Байбектің ұсынысы бойынша Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Батырхан Шүкеновтың мүсіні қойылады.

Жұмыс сапары кезінде Бауыржан Байбек Вознесенск кафедралды шіркеуінің қарсысындағы қараусыз қалып, кейін жаңартылған ғимараттағы «Visit Almaty» жаңа туристік ақпараттық орталығында болды, сонымен қатар сонау 90-шы жылдардан бері жұмыс істемей тұрған велотректің спорт кешенін жаңарту жұмысының барысын тексерді. Қала әкімі тротуарларды, оның ішінде Орталық саябаққа апаратын Гоголь көшесін абаттандыруға ерекше назар аударды.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.