Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматының Наурызбай ауданындағы Қарғалы өзенінің 7,7 шақырым жағалауын абаттандыру жоспарланған

Алматы қаласының Наурызбай ауданында ағымдағы жылдың сәуір айында қоғамдық кеңістіктерді жайластыру, балалар спорт алаңдарын салу, көгалдандыру және сыртқы жарықтандыру желілерін орнату арқылы Қарғалы өзенінің ұзындығы 7,7 км жағалауын абаттандыру басталады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде айтып, жұмыстардың аяқталуы 2024 жылдың желтоқсан айына жоспарланғанын атап өтті.

Бұдан басқа, "Халық қатысатын бюджет" (ХҚБ) бағдарламасын іске асыру аясында жаяу-серуендеу, саябақ аймақтарын жайластыру, жарықтандыру желілерін, жол инфрақұрылымын салу және т.б. бойынша 40 жаңа жоба іске асырылатын болады. Олардың ішінде "Рахат" шағын ауданындағы 1,3 га сквер," Шұғыла " ТК аумағындағы жаяу-серуендеу аймағы, "Қарғалы", "Тау самалы" шағын аудандарындағы 4 балалар ойын алаңдары бар. 2024 жылға бұл мақсаттарға 2,5 млрд теңге бөлінді, деп нақтылады қала басшысы.

Еске салсақ, 2023 жылы ХҚБ бағдарламасы бойынша Наурызбай ауданында 2,7 млрд теңгеге абаттандыру жөнінде 62 жоба іске асырылды. Сонымен, "Шұғыла" шағын ауданындағы "Алма Сити" ТК жанында, Райымбек даңғылы бойында жаяу-серуендеу аймағы салынды. "Қалқаман" шағын ауданындағы 0,7 гектардан асатын қараусыз қалған аумақ абаттандырылды, Ақжар ш/а сквер ісе қосылды. Абай даңғылының бойында (Әшімов көшесінің бұрышы) футбол және баскетбол алаңдары, ал "Ақжар", "Қалқаман" шағын аудандарында 4 балалар ойын алаңдары жасалды.

 

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

01 наурыз 2024

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.