Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматының Медеу ауданында ХҚБ бағдарламасы бойынша 14 жоба жүзеге асырылуда

Биылғы жылы "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасының тиімділігін ескере отырып, Алматының 8 ауданына қосымша 7 млрд теңге берілді. Оның ішінде Медеу ауданы үшін қосымша 875 млн. теңге бөлінді. Бұл деректермен қала тұрғындарымен кездесуде мегаполис әкімі бөлісті.

"Осы қаражатқа Медеу ауданында аула аумақтарын жөндеу, қоғамдық орындарды абаттандыру, балалар алаңдарын жайластыру және тереңдетілген контейнерлерді орнату бойынша 14 жобаны іске асыру жоспарлануда", - деді Ерболат Досаев.

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласының әкімдігінің баспа-сөзі

 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.