Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматының Медеу ауданында екі көше уақытша жабылады

Көшелердің көлік жүретін бөлігінің астынан өтетін магистральдық құбыржолдар учаскелерінде жоспарлы қайта құрылымдау жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі.

Алматы қаласының Медеу ауданында түнгі уақыттарда екі көше қиылысындағы жол жабылады.

Алматының Медеу ауданында көлік қозғалысы жабылады: 

  • 15 шілде сағат 22:00-ден 16 шілде сағат 06:00-ге дейін Достық даңғылы мен Төле би көшесінің қиылысында;
  • 16 шілде сағат 22:00-ден 17 шілде сағат 06:00-ге дейін Бөгенбай батыр және Пушкин көшелерінің қиылысында.

«Аталған көшелердің көлік жүретін бөлігінің астынан өтетін магистральдық құбыржолдар учаскелерінде жоспарлы қайта құрылымдау жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», - делінген хабарламада.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.