Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматының ковидті стационарларындағы толымдылық 49% азайған

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров хабарлады.

Қайғылы статисиканы азайту үшін не істелуде, өлім санын азайту үшін қандай шаралар қабылдануда?

«Осыған дейін мен барлық стационарларды науқастардың ауыр жағдайларына қарай бөлу қағидасы - эшелондау жайлы айтқан болатынмын, - деп сұраққа қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы жауап берді. - Бүгінде эшелондаудың халықтың игілігі үшін қызмет ететінінің көрсеткіштерінің бірі жататын орындарға қол жетімділік. Егер осыған дейін стационарларда адам саны 90% жетсе, бүгінде бұл көрсеткіш 49%-ға төмендеген.

Қазіргі уақытта КВИ емдеуге жұмылдырылған медициналық ұйымдар үшке бөлінген.

Бірінші санат өте ауыр және ауыр жағдайдағылар үшін. Бұл стационарлар құралдармен және кезек күттірмейтін міндеттерді шешуде барлық қажеттілермен қамтамасыз етілген.

Екінші эшелон – ауру деңгейі орташа ауырлықтағы науқастар үшін. Біз бұл жерде 1705 жататын орны бар қайта жарақталған емханалар базасында жұмыс істеудеміз.

Үшінші эшелон – емді аяғына дейін жеткізуге арналған обсерваторлар. Оларға біз жататын орын қуаты 2376 болатын 7 ұйымды жатқызамыз. Жататын орындардың 1000-ы Халық-Арена базасында құрылған кешенге тиесілі.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.