Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматының коммуналдық қызметтері су басу қаупінің алдын алу үшін қалай жұмыс істейді

2022 жылдың 18 наурызында сағат 04:30-дан бастап Алматы қаласында жаңбыр жауа бастады. Су басудың алдын алу және оны болдырмау мақсатында түнде мердігерлік ұйымдардың кезекшілігі ұйымдастырылды.

Суды кедергісіз өткізу және сорып шығаруды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру үшін жалпы саны 650 адамнан тұратын мобильді бригадалар, 266 арнайы техника және 24 мотопомпа жұмылдырылды. 2000 қап құм дайындалды.

«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, 18 наурызда кейде қатты жаңбыр жауады, ол үзілістермен 20 наурызға дейін болжанады.  Ауа температурасы 3-тен 5 градусқа дейін өзгереді.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.