Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматының коммуналдық кәсіпорындары жауын-шашынға байланысты күшейтілген режимде жұмыс істейді

Алматы қаласында 20 қыркүйек күні сағат 07:00-де басталған жаңбыр түске дейін жауады деп болжанып отыр. Таңертеңгі сағат 10:00-дегі жағдай бойынша қалада 9 мм жауын-шашын болды, Каменск үстірті аймағында – 14 мм.

Су тасқынының алдын алу және жою үшін 45 патрульдік бригада, 165 бірлік арнайы техника, 24 мотопомпа және 820 жол жұмысшысы жұмылдырылды. 1750 қап құм жиналды.

Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел кезекшінің дерегінше Бостандық ауданындағы Вахтангов көшесі, 5 мекенжайындағы жеке сектор аумағын су басқан.

«Алматы Тазалық» МКК арықты құлаған бұтақтан тазартып, су тасқыны жойылды.

Аудан әкімдіктерінде жұмыс өндірісін бақылау бойынша кезекшілік ұйымдастырылды.

«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша бүгін түске дейін жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыс жел 3-8, кейде екпіні 13 м/с, ауа температурасы +15 + 17°С.

 

Дереккөз: Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.