Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматының қай көшесінде екіжақты көлік қозғалысы енгізіледі

2023 жылғы 26 маусымнан бастап Москвин көшесінде жол қозғалысын ұйымдастыру сызбасына өзгерістер енгізіледі.

Аталған көшенің Солтүстік айналма жолынан Рысқұлов даңғылына дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы екі бағытта жүргізілетін болады. Бұған дейін көшемен тек бір бағытта жүруге болатын.

Жол қозғалысын ұйымдастыру сызбасына өзгерістер тәжірибелік негізде енгізіліп отыр, аталған жол бөлігіндегі көлік жағдайын сараптау нәтижесіне қарай уәкілетті органмен бірлесе отырып нақты шешім қабылданатын болады.

Жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлап, ҚР Жол жүру ережелерін сақтап, жол белгілеріне баса назар аударуға кеңес береміз.

 

Дереккөз: Almaty.tv

 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.