Суық суды уақытша өшіру жаңа инженерлік желілерді сумен жабдықтау жүйесіне қосу жұмыстарын жүргізуге байланысты.
9 қарашада сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін Бостандық ауданында Қожанов - Гагарин - Байқадамов - Тәжібаев көшелерінің контурында және Түрксіб ауданының «Шуақты» шағынауданында су беру уақытша тоқтатылады.
"Көрсетілген қалалық секторлардағы тұтынушыларға суық суды уақытша өшіру жаңа инженерлік желілерді сумен жабдықтау жүйесіне қосу жұмыстарын жүргізуге байланысты орындалады.
Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Дереккөз: Almaty.tv.