Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматының екі ауданында суық су беру уақытша тоқтатылады

16-17 наурызда Әуезов және Алмалы аудандарында суық су беру уақытша тоқтатылады
⠀

  • 16 наурыз

Сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін «Сайран» ықшамауданы аумағында Өтеген батыр көшесінің Абай даңғылы мен Жұбанов көшесі арылығында;
⠀

  • 17 наурыз

Сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін Мақатаев көшесі– Райымбек даңғылы – Мұратбаев көшесі – Есентай көшесі және Мақатаев көшесі – Гоголь көшесі – Мұратбаев көшесі (Қожамқұлов көшесінің шығысы) шеңберінде орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да нысандарға су берілмейді.
⠀
«Алматы су» ақпаратына сәйкес, суық су беруді уақытша тоқтату жаңа су құбырын қосу үшін қажет.
⠀
Су беру тоқтатылған кезде денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік саланың өзге де нысандарына автоцистернамен су жеткізіледі.
⠀
Анықтама телефоны: 274-66-66.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.