Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматының дәрі-дәрмек нарығындағы жағдай тұрақты

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша Алматы стационарларының, емханалары мен дәріханаларының дәрі-дәрмек құралдарымен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыздығына апта сайын мониторинг жүргізіліп отырады.

Бүгінгі күні, коронавирус инфекциясын емдеуді талап ететін препараттар қаланың барлық дәріханаларында бар. Қамтамасыздық шамамен 90%-ды құрайды, дәріхана қоймаларында 1 млн-нан астам (1037 мың) емдеуді талап ететін препараттар бар.

Бұдан басқа, нарықты толықтыру үшін Тұрақтандыру қоры қаражаттарының есебінен қала дәріханаларына дәрі-дәрмек препараттарын жеткізу жалғасуда. Қазіргі уақытта, әкелуге жоспарланған 40,1 млн дәрі-дәрмек құралдары мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қалаға жеткізілгені 47,2 млн (118%), 23,4 млн сатылды, қолдағы бары 23,8 млн оның ішінде, азайтылмайтын қалдығы 8 млн. Осылайша, қалада нықтылықтың екі айлық қоры қалыптастырылды.

Қала дәріханаларының медициналық бетперделермен қамтамасыздығы 95%-ды құрайды. Алматыда 6 ірі отандық компания жұмыс істейді, оның бірлескен өндірістік қуаты күніне 1 млн бетпердені құрайды. Бұдан басқа, 15 жабдықтаушы бар, бүгінгі күні, оларда 26,2 млн бетперде бар. Қала дәріханаларына бетперделер күн сайын келіп түседі.

Қоймаларда шамамен 456 мың термометр, оның ішінде, дәріханаларда — 7590 дана, жабдықтаушыда (БИОЛА) 448 245 дана бар. Ақпанда қосымша 150 мың термометр жеткізіледі деп күтілуде.

Жалпы алғанда, Алматыда дәрі-дәрмекке, сондай-ақ медициналық бетперделерге деген жоғары сұраныс байқалмайды. Жағдай тұрақты.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.