Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматының бірнеше ауданында ақылы тротуар тұрақтары іске қосылады

Бостандық ауданында 9 аймақ және 710 автотұрақ болады.

2023 жылдың 30 желтоқсанынан бастап Бостандық, Түрксіб, Жетісу және Наурызбай аудандарында ақылы тротуар тұрағына минуттық ақы төленеді. Бостандық ауданында 9 аймақ және 710 автотұрақ болады, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 45 орын бар.Түрксіб ауданында 1 аймақ, 305 тұрақорын, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 15 орын бар.

Жетісу ауданында 2 аймақ, 201 тұрақорын және мүгедектігі бар адамдар үшін 20 орын бар. Наурызбай ауданының 1 аймағында 75 тұрақорынбар, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 2 орын жұмыс істейтін болады.

«Алматыпаркинг» КМК ыңғайлы болу үшін «Алматы тұрақтары» мобильді қосымшасын пайдалануды ұсынады.         

Ақылы тротуар тұрағының жұмыс режимі күн сайын сағат 8:00-ден 19:00-ге дейін. Бір сағаттың құны - 100 теңге.     

 Автотұрақ үшін алдын ала төлемді келесі тәсілдермен жасауға болады:

- «Алматы автотұрақтары» мобильді қосымшасы арқылы минут сайын. Бұл қосымшаны телефонға Play Market және Apple Store жүктеуге болады;

-  almaty-parking.kz сайтында;

Бүгінгі таңда коммуналдық кәсіпорын екінші деңгейдегі банктер арқылы QR-төлемді интеграциялау арқылы төлем әдістерін ұлғайту мүмкіндіктерін белсенді әзірлеуде.         

Еске салсақ 11 қыркүйекте Медеу ауданында және 11 желтоқсанда Алмалы ауданында ақылы тұрақ жүйесі іске қосылды. Бұл ретте қаладағы алаңдық үлгідегі тұрақтар штаттық режимде жұмыс істейді.            

Бұзушылықтарды тіркеу автоматты режимде, мобильді кешендерде (арнайы авто) жүреді.

Алматы паркинг КМК атап өткендей, резиденттік келісімдер мен абонементтерді ұйымдастыру мәселесі әзірленуде. Алматы қаласының ақылы тұрақ аймағының шекарасында көлік құралдарын тегін тұраққа қою құқығына азаматтардың жеңілдетілген санаттары ие. Өтініштер ONLINE   eOtinish сервисі арқылы, Almaty-parking.kz сайттағы сілтеме бойынша қабылданады. Сall-орталық: + 7 (727) 390-8000 күн сайын таңғы 8:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.