Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматының Алмалы ауданында оқушы орындарының тапшылығы қысқаруда

Ауданда барлығы 29 мемлекеттік мектеп бар, олардың тоғызында ғана оқушы орны жетіспейді, деп хабарлады Алматыдағы Алмалы ауданының әкімі Ержан Сейтенов Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында.

- Биыл №144 мектеп-гимназияға жапсаржай құрылысының аяқталуы есебінен 300 орындық тапшылық азайып, №34 гимназияның қосалқы нысан құрылысы аяқталған кезде тағы 600 орынды тапшылық азаяды, - деп хабарлады аудан әкімі.

Ауданда №54 мектеп ғимаратының сейсмотұрақтылығын күшейтумен күрделі жөндеу аяқталды және №128, 95 және 144 мектептерде салынған спорт кешендері жұмыс істейді.

№90, 67, 34 мектептердегі спорт алаңдарын жаңғырту бойынша жұмыстар жалғастырылды. Жыл соңына дейін №16 балабақша ғимаратын сейсмикалық нығайтумен күрделі жөндеуді аяқтау жоспарлануда, сондай-ақ №7 балабақшаға күрделі жөндеу жүргізілуде. Биыл ауданда екі жекеменшік балабақша ашылды.

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.