Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыны қалың тұман басты

 Алматыны қалың тұман басып, қала жолдары дұрыс көрінбей қалды. Ал шаһар тұрғындары түрлі аудандардан түсірілген фотоларды әлеуметтік желіге салып жатыр.

Бүгін таңертеңнен бері қаланың кейбір аудандарында қалың тұман байқалады.

Бұған дейін Алматы қаласының ТЖД «Қазгидрометтің» дауылды ескертуіне сүйене отырып 16 наурызға қараған түні тауға тұман түсетінін хабарлаған болатын.

Сондай-ақ, құтқарушылар тұрғындарды тауға барудан бас тартуға, ал тауда қалған туристерді барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырған болатын.

«Қазгидромет» бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауатынын ескерткен болатын.

 

Дереккөз: inform.kz

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.