Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматылықтар «Жасыл аула» акциясы аясында 1700 көшет алды

Алматы қаласының экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасы «Жасыл аула» дәстүрлі акциясын қорытындылады. Алматылықтардан барлығы 200-ге жуық өтінім келіп түсті, оның ішінде 1700 көшет алуға 133 өтінім мақұлданды.

Бостандық, Наурызбай және Алатау ауданының  тұрғындары аса белсенділік танытты. Экология және қоршаған орта басқармасының мамандары өтініштер бойынша көшеттерді тарату жұмыстарына кірісіп кетті.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда қала тұрғындарына көшет тарату бойынша «Жасыл аула» акциясының басталғаны туралы хабарланған болатын. Қалада көпқабатты үйлер ауласы мен қоғамдық кеңістіктерді көгалдандыруға ниетті алматылықтарға шаған, үйеңкі, шегіршін, терек, қараған мен қайыңның көшеттерін тегін алуға мүмкіндік берілді.

Ағаш отырғызу жұмыстарын 2022 жылдың 27 қазаннан бастап жүргізіледі Көшеттерді тарату 3 қарашаға дейін келесі мекенжай бойынша жүзеге асырылады: Алматы қ., Алатау ауданы, Ұлжан-2 шағын ауданы, Бертайызы к-сі, 24.

Көшеттерді отырғызғаннан соң олардың фотоесептерін жіберу қажет.

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.