Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматылық оқушыларды жаңа оқу жылында бірқатар жаңалықтар күтуде

2022-2023 оқу жылының жаңалықтары туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Айдын Сайлаубай айтып берді.

Жаңа оқу жылынан бастап Алматы мектептері бес күндік оқу жүйесіне ауысады, ал оқу жылы 31 мамырда аяқталады.

"Қазақ тілді мектептерде "Әліппе" және "Ана тілі" пәндері оқытылады, орыс тілі 2 – сыныптан, ағылшын тілі 3 - сыныптан бастап оқытылады", - деді А.Сайлаубай.

Орыс тілінде білім беретін мектептерде "Әліппе", "Сауаттылыққа оқыту" және "Қазақ тілі" оқытылады, ағылшын тілін 3-сыныптан бастап оқытыла бастайды.

1-сыныптарда Көркем еңбек "еңбекке баулу" және “бейнелеу өнері" болып екі пәнге бөлінді.

Спорт залдарының шамадан тыс жүктелуіне байланысты және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін осы оқу жылынан бастап дене шынықтыру сабақтарында сыныптарды топқа бөлу жүзеге асырылмайды.

Алматы қаласы  Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарламалары мен материалдарын тарату кезінде ӨКҚ-ге сілтеме жасау міндетті.

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.