Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматылық бизнесмендер полицияға арнап мобильді қосымшалар әзірлеуге дайын

Алматы қ. Полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаев отандық кәсіпкерлер мен бағдарламашылар цифрландыру аясында полицейлер жұмысын жақсарту үшін не ұсына алатынын білу мақсатында Алматы қ. Кәсіпкерлер палатасының жанынан құрылған ІТ-Кеңесінің мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды палатаның баспасөз қызметі.

«Біз шетелдік тәжірибені зерттедік, шетелдік компаниялар түрлі бағдарламалар мен қосымшаларды ұсынуда, бірақ өте қымбат. Тура сондай әзірлемелерді өзіміздің IT-мамандар жасай алады деген сенімдемін. Біз бұған қатты қуанар едік», – деді ПД басшысы.

Жұмыс істеп тұрған және әзірлену үстіндегі ІТ-өнімдер, жүйелер мен бағдарламалар туралы ПД Техникалық қызметтер басқармасының басшысы Ольга Агафонова айтып берді.

Оның сөзінше, «Жолақ» жүйесінің жабдығы сәтті сынақтан өтті. Бұл жүйе маршрутты көлік құралдарына арналған жолақ бойында жол жүру ережесін бұзу деректерін тіркеу үшін қалалық қоғамдық көлікке орнатылады.

«Қауіпсіз аула» сараптамалық жүйесі қылмыстарды ашу көрсеткішін арттырады. Оның аясында Алматы қаласы бойынша аулаларда 16 000 бейнекамера іске қосылады.

Кездесу барысында сонымен қатар патрульдік жасақтарды бақылауға арналған «Автонавигатор» жүйесі таныстырылды. Аталған құрылғы полицейлер жұмысын бақылауға мүмкіндік береді. Жобаның ерекшелігі – оны ҚБТУ және Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ студенттері тегін әзірлеген.

ІТ-сарапшылар да өз идеяларымен бөлісті, мәселен, құқық бұзушылық тіркелген телефондағы видеоны Алматы қ. ПД ресурсына автоматты түрде жіберетін қосымша жасауға болады.

«Алматы Кәсіпкерлер палатасының ІТ-Кеңесінде бағдарламалар мен қосымшларды әзірлеуші танымал компаниялар жиналған. Біз бизнес пен қаламызды автоматтандыру және цифрландыру мәселелері бойынша ынтымақтасуға, тәжірибе алмасып, бөлісуге дайынбыз», – деді Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының аппарат жетекшісі Нұрлан Қабіштаев.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.