Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматылық ардагерлерге әлеуметтік жәрдемақы беріледі

Бұл туралы Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Құрманғалиев мәлімдеді.

Алматылық 56 ардагердің әрқайсысы 1,5 миллион теңгеден алып, тағы 13 мың ардагерге әлеуметтік жәрдемақы беріледі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Құрманғалиев Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне барынша әлеуметтік қолдау көрсетілетіні туралы баяндады.

"Бүгінде Алматыда 56 ғана Ұлы Отан соғысының ардагерлері қалды. Оларды материалдық қамтамасыз ету үшін 1,5 миллион теңге көлемінде бір жолғы төлем жасалады", - деді Серік Шолпанқұлұлы.

Сонымен қатар, екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне және басқа мемлекет аумағындағы соғысқа қатысқандарға жеңілдік  бойынша теңестірілген ардагерлерге 50 000 теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек беріледі, ал олардың жалпы саны 13 мың адам.

Ардагерлер кеңесінің өкілі атаулы мереке күні қаладағы әрбір майдангерді олардың отбасына барып, қала басшылығы жеке құттықтайтыны жөнінде қоса айтты.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.