Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыдағы жол қиылыстарының бірі уақытша жабылады

Алматыда Әбіш Кекілбайұлы мен Бокин көшесінің қиылысында көлік қозғалысы 8 сағатқа тоқтайды.

"2022 жылы 16 сәуірде сағат 22:00-ден 17 сәуір сағат 6.00-ге дейін Алматы қаласы Бостандық ауданындағы Әбіш Кекілбайұлы мен Бокин көшесінің қиылысында автокөлік қозғалысы шектеледі", – делінген хабарламада.

Аталған жерде жүріс бөлігінің астынан өтетін жылу желілерінде апаттық жұмыстар жүргізу (жабынның апаттық тақталарын ауыстыру) үшін уақытша шектеулер енгізіледі.

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС баспасөз қызметі, мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, көлік жүргізушілеріне көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұрайды.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.