Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыдағы жаңа жолдар: 2024 жылы Наурызбай ауданында 8 шақырымнан астам жол салу жоспарлануда

2024 жылы Ақжар, Шұғыла ш/а-да тағы 8,8 км жол салу жоспарлануда, 55 көшеде 28,7 шақырым жолға орташа жөндеу жүргізіледі, тағы 70 мың шаршы метр жол төсемі ағымдағы жөндеумен қамтылады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді.

"Жол инфрақұрылымы мен қоғамдық көлікті дамыту әкімдік жұмысының басым мәселелерінің бірі болып қала береді. 2023 жылы Ақжар, Шұғыла ш / а 14 көшеде 27 км жол салынды. Қалқаман, Құрамыс, Таусамалы және Шұғыла шағын аудандарының 11 көшесінде 8 км жаяу жүргіншілер тротуарлары пайдалануға берілді", - деді Ерболат Досаев.

Мегаполис басшысының мәліметінше, өткен жылы Наурызбай ауданында ұзындығы 15 км 16 көшеде орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы жөндеу аясында ауданның 170 көшесінде 45 мың шаршы метр асфальт жабыны қалпына келтірілді.

Қала бойынша жол-көлік инфрақұрылымын жаңғырту жалғасуда. Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы Алматыда 70 көшеде 25 км жаңа жол салынды және 200 км жолға орташа жөндеу жүргізілді. 2024 жылы жаңа жолдардың құрылысын 70 км-ге дейін және орташа жөндеуді 250 км-ге дейін ұлғайту жоспарлануда.

 

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

29 ақпан 2024

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.