Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыдағы мобильді топтардың жұмыс тәртібі туралы

Өңірлік коммуникациялар қызметіне берген онлайн-сұхбат барысында «Жас Қанат» бастапқы медициналық-санитарлық көмек орталығының жалпы тәжірибелік емдеу дәрігері Меруерт Көшенова, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 16 шілдедегі №444 бұйрығына сәйкес, барлық емханаларда жедел респираторлық ауру белгілері бар және коронавирус инфекциясына күдікті үйдегі науқастарға қызмет көрсету үшін мобильді топтар құрылғанын хабарлады. Мобильді топтың құрамына учаскелік дәрігерлер, медбикелер, әлеуметтік қызметкерлер, фельдшерлер, акушерлер кіреді.

«Біздің емханаға тіркелген халық саны 27 мыңға жуық. Әр 5000 тұрғынға бір мобильді топ деп есептедік, содан біздің емханада 5 мобильді топ ұйымдастырылды», — деп хабарлады М. Көшенова. Ол осы жылдың маусым, шілде айларында 250 адамға қызмет көрсетілгенін атап өтті.

Мобильді топтың қызметіне — жағдайды одан әрі қашықтан бақылау, қажет болған жағдайда дәрі-дәрмектерді үйге жеткізу, үйде стационарлар ұйымдастыру, көрсетілімдер бойынша ПТР-ға анализ алу. Содан кейін медициналық құжаттарды, аурухана парағын рәсімдеу, рецепт жазып беру және т. б. кіреді.

Ауру белгілері болған жағдайда өкпені тексеруге компьютерлік томографияға жолдама беріледі. Сонымен қатар, мобильді топ үйдегі оқшаулауды сақтау үшін тұрмыстық жағдайынжәне отбасы мүшелерінің науқасқа күтім жасау мүмкіндігін бағалайды. Үй карантиніне жағдай болмаса, инфекциялық стационарға жатқызу мәселесі шешіледі.

«Егер науқастың жағдайы жеңіл болса және үй карантинін сақтауға жағдайы болса, онда ол үйде қалдырылады. Медицина қызметкері күн сайын науқастың жағдайын бақылайды», — деп атап өтті спикер.

Егер жағдай орташа ауырлықта болса немесе өзін-өзі оқшаулау үшін жағдай болмаса, онда пациент жұқпалы аурулар ауруханасына жіберіледі. Ауруханадан шыққаннан кейін олар 14 күн учаскелік дәрігерлер мен медбикелердің бақылауында болады.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.