Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыдағы әл-Фараби даңғылының бір бөлігі жабылады

Алматыда 19 ақпанда жыл сайынғы «Winter Run 2023» қысқы жарысы өтеді. Осыған байланысты сағат 04:00-ден 12:00-ге дейін жүгіру жарысы өтетін жерлерде қозғалыс ішінара жабылады.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жүгіру жарысы «Нұрлы тау» бизнес-орталығынан басталады.

Қатысушылар әл-Фараби даңғылымен Гагарин көшесіне дейін жүгіріп, «Нұрлы тауға» дейін кері бұрылады.

Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағындағы Назарбаев даңғылынан Желтоқсан көшесіне дейінгі жол учаскесіндегі қозғалыс сағат 04:00-ден 12:00-ге дейін жабылады.

Меңдіқұлов көшесінен әл-Фараби даңғылының бойындағы тоннельге кіру сағат 04:00-ден 12:00-ге дейін жол қозғалысы шектеледі.

Әл-Фараби даңғылының оңтүстік жағы көлік қозғалысы үшін ашық және бос болады.

Деректер жүгіру жарысына қатысушылардың қозғалыс уақытын ұтымды бөлуді ескере отырып енгізілді.

 

Дереккөз: inform.kz

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.