Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыдағы "Каменское плато" шағынауданында жаңа скважиналар салынады

Су деңгейінің 2,5 есеге (150-ден 60 текше метрге дейін) төмендеуіне байланысты Алматыдағы "Каменское платодағы" жер асты суларына қатысты қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша ТЖ желісі бойымен шілде айында су беруге арналған резервуарлары бар қосымша скважиналардың құрылысы басталады. Бұл туралы қала әкімі Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуде айтты.

ҚМЖ-ны аяқтау жыл соңына дейін жоспарланған.

"Бұл келесі жылы "Каменское плато", "Көлсай" және "Юбилейный" ш/а тұрақты сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. "Каменское плато" 28,9 км тарату желілері салынғаннан кейін орталықтандырылған сумен және кәрізбен қамтамасыз етіледі. Осы жоба бойынша ЖСҚ қараша айында аяқталады. Ал ҚМЖ басталуы 2024 жылдың I тоқсанына жоспарланған", - деді Ерболат Досаев.

Бұл жобаны іске асыру "Мұзтау" ш/а сумен жабдықтау мәселесін шешуге көмектеседі. ЖСҚ қараша айында аяқталады, ҚМЖ 2024 жылдың I тоқсанында басталады.

 

Дереккөз: Almaty.tv

 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.