Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыдағы фестивальде сан ғасырлық мұраны сақтаушылар бас қосты

Ұрпақты жалғайтын музыка мен аңыздар «Алатау» театрының сахнасынан шырқалды. Алматыда жыршы-термешілер орындаушыларының республикалық фестивалі өтті. Іс-шара қала күніне арналды.

«Алатау» театрында «Ұлағатты сөзім ұрпаққа» атты жыршы-термешілер фестивалінде көрермендер ұлттық өнерді тамашалады. Сахна төрінде еліміздің түкпір-түкпірінен арнайы ат арытып жеткен жыр дүлдүлдері Сәуле Жанпейісова, Ұлжан Байбосынова, Марат Сүгірбай, Қайрат Кәкімов, Ерболат Шалдыбеков, Жәкен Омаров, Күнғожа Қайролла, Оспан Құлсымақ, Күнсұлу Түрікпен, Абай Наурызбекұлы және Аманқос Садық, Шаттық Уатқан мен Ерсейіт Әлиев өз өнерлерін көрсетіп, халық қошеметіне бөленді.

Іс-шараны Алматы қаласының мәдениет басқармасы ұйымдастырды. Ведомствода атап өткендей, фестивальдің мақсаты - жас ұрпақ арасында ұлттық өнерді дәріптеу.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.