Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыдағы BRT: тұрғындардың мобилділігін жақсартып, қала экологиясына оң әсерін тигізеді

Бүгінде бұл даңғылда 88 маршрут бойынша 1300-ден астам автобус жүреді.

BRT құрылысы аясында Алматыда қоғамдық көліктің сапасын арттыру бойынша өзінің ойын жолаушылар тасымалы кәсіпорындары қауымдастығы төрағасының орынбасары Дана Ахатова айтты.

Ол маңызды көлік қатынасының күре жолына айналған Райымбек даңғылы қаланың шығыс және батыс бағыттарын байланыстыратынын атады. Бүгінде бұл даңғылда 88 маршрут бойынша 1300-ден астам автобус жүреді, күн сайын 730 мыңға жуық жолаушыға қызмет көрсетеді, бұл қаланың жалпы жолаушылар ағынының жартысына жуық.

Алматы агломерациясының орталығы ретінде Алматы – қала маңындағы аймақтарды ескере отырып, Қонаев қаласын, Gate city және көптеген аудан орталығын қамтиды. Д. Ахатованың пікірінше, BRT үшін ұсынылған арнайы жолақ жолаушылар үшін жылдам әрі ыңғайлы сапарды қамтамасыз етіп, жолға жұмсалған уақыт пен қозғалыс аралығын қысқартады. Бұл қала тұрғындарының мобилділігін жақсартып, қала экологиясына оң әсерін тигізеді.

«Қаланың автобус маршруттарының 40%-дан астамы Райымбек даңғылы арқылы жүреді, бұл аталған инфрақұрылымның қоғамдық көлік үшін маңыздылығын көрсетеді. Райымбек даңғылына BRT енгізу қоғамдық көліктің тартымдылығын арттыруды көздейді, бұл өз кезегінде халықты қоғамдық көлікке отыруға ынталандыруға тиіс», - деді жолаушылар тасымалы кәсіпорындары қауымдастығы төрағасының орынбасары.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қала әкімінің 2030 жылға дейінгі Алматы қаласының көлік қаңқасының шебер жоспарын бекіткені туралы хабарланған болатын. Шебер жоспар Алматының көлік инфрақұрылымын жетілдірудің негізгі бағыттарын айқындайтын стратегиялық құжат болып табылады. Ол Алматының даму бағдарламасы мен 2040 жылға дейінгі бас жоспар аясында қаланы дамытудың негізгі перспективаларына сәйкес әзірленді. Көлік қаңқасының пилоттық дәлізімен Райымбек даңғылының батысында Абай көшесінен («Барлық» базарының маңайы) Пушкин көшесіне дейінгі ұзындығы 17 км учаскесі таңдалды. Ол 2024 жылдан жүзеге асырыла бастайды.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

22 қантар 2024

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.