Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметі өткізген онлайн-брифинг барысында Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров мәлімдеді.
«Әсіресе пандемия кезінде барлық әйелге қауіпсіз босану, босануға дейінгі және босанғаннан кейінгі күтім қолжетімді болуы маңызды», - деді спикер.
Қаладағы барлық перзентханада коронавирус инфекциясы бар жүкті әйелдерді қабылдайтын бөлім бар екенін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, №4 перзентханаға 105 төсек орны қосылады. Сондықтан, диагнозы расталған болса да, болашақ аналар алаңдамауы керек. Барлық перзентхана инфекцияны бақылаудың қатаң талаптарына сай келеді.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі