Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыдағы аялдамалар келер жылдан бастап стандартталады

Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында айтты.

Алматыда аялдама кешендері стандартталады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында айтты.

Қала жетекісімен кездесуге келген Әуезов ауданының тұрғыны қаладағы аялдамалар мәселесін көтерді.

«Әл-Фараби даңғылында аялдамалардың атауы жазылып тұрады. Бұл жолаушылар үшін өте ыңғайлы. Ал басқа көшелерде олай емес. Барлық аялдамада жазылып тұрса деген өтініш бар. Адам соған қарап, қай жерге жеткенін түсінеді», - деді Алматы тұрғыны.

Ерболат Досаев әл-Фараби даңғылындағы аялдама кешендері жеке инвесторлардың есебінен жасалғанын айтты.

«Дұрыс айтасыз. Біздің қалада, өкінішке орай, аялдамалар стандартталмаған. Біз қаланың дизайн-код жобасын дамытып жатырмыз, соның ішінде аялдамалар да бар. Бенчмарк аламыз. Келесі жылдан бастап бұл мәселені ретке келтіреміз. Аялдамаларда стандартталған заттар болады: атауы, бағыты және тағы басқасы 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап, біз бұл жағдайды өзгерте бастаймыз деп үміттенеміз», - деді Ерболат Досаев.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.