Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыдағы аудан әкімдері көпбалалы аналармен кездесу өткізді

Алматы қаласының әкімі бекіткен кестеге сәйкес, 2023 жылдың маусым айында аудан әкімдері көпбалалы аналармен 8 кездесті.

Кездесуге 102 көпбалалы ана келіп, әкімдерге 115 сұрақ жолданды. Оның 68-іне жауап беріліп, кездесуден кейін 26 мәселе пысықталды, тағы 21-і қолға алынды.

Негізгі мәселелер:

  • тұрғын үй алу (кезекке қою) – 29 (25%);
  • білім (балаларды мектеп пен балабақшаға орналастыру, мектеп формасы, DamuBala бағдарламасы) – 28 (24%);
  • денсаулық сақтау 6 (5%);
  • әлеуметтік жәрдемақылар (АӘК, азық-түлік жинақтары) – 14 (12%);
  • ТКШ және абаттандыру (газ қосу, сумен қамту және су бұру) – 15 (13%);
  • жұмыспен қамту және бизнес гранттары 5 (4%);
  • өзге мәселелер 18 (16%).
  • Қала басшысы аудан әкімдерінің шаһардың көпбалалы аналарымен 2023 жылғы наурызға арналған кездесулерінің тиісті кестесін бекітті.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев өтініштің көптігіне байланысты аудан әкімдерінің көпбалалы аналармен ай сайынғы кездесуін тапсырған болатын.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.