Қала әкімі 2022 жылдың қыркүйек айына аудан әкімдерінің көп балалы аналармен кездесуінің тиісті кестесін бекітті.
Алматы қаласының әкімі бекіткен кестеге сәйкес, ағымдағы жылдың тамыз айында аудан әкімдері көпбалалы аналармен 8 кездесу өткізді.
Кездесуге барлығы 246 көпбалалы отбасы қатысты, әкімдерге 227 сұрақ қойылды. Оның ішінде 144-і бойынша түсініктеме берілді, 62 мәселе кездесуден кейін пысықталды, тағы 69 өтініш бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
Негізгі сұрақтар:
- Білім беру (балаларды мектептер мен балабақшаларға орналастыру, мектеп формасы, т.б.) – 68 (27%);
- Тұрғын үй алу (кезекке қою) – 46 (19%);
- Әлеуметтік жәрдемақы (АӘК, азық-түлік жиынтығы) – 36 (15%);
- ТКШ және абаттандыру (газ қосу, сумен жабдықтау және су бұру) – 23 (9%);
- Жұмысқа орналастыру – 15 (6%);
- басқалары – 58 (24%).
Қала әкімі 2022 жылдың қыркүйек айына аудан әкімдерінің көп балалы аналармен кездесуінің тиісті кестесін бекітті:
Алатау ауданы
- 14.09.2022 ж. сағ. 10:00 Нұркент шағын ауданы, 5/25 (Ауданның «Бақытты отбасы» қолдау орталығы)
Алмалы ауданы
- 21.09.2022 ж. сағ. 10:00 Наурызбай батыр көшесі, 106а (Ауданның «Бақытты отбасы» қолдау орталығы)
Әуезов ауданы
- 30.09.2022 ж., сағ. 10:00 Алтынсарин даңғылы (Әуезов ауданы әкімінің аппараты)
Бостандық ауданы
- 27.09.2022 ж., сағ. 10:00 Нұр-Алатау ш.а. Мұрат көшесі, 10 («Қазақстан аналарының бірлестігі» корпоративті қоры)
Жетісу ауданы
- 09.09.2022 ж., сағ. 10:00 Жансүгіров көшесі, 65 («Бақытты отбасы қолдау орталығы)
Медеу ауданы
- 22.09.2022 ж., сағ. 10:00 С.Нұрмағамбетов көшесі, 69 (Қ. Қатыкбаев атындағы №168 гимназия)
Наурызбай ауданы
- 07.09.2022 ж., сағ. 10:00 Шұғыла шағын ауданы 347 (Наурызбай ауданы әкімінің аппараты)
Түрксіб ауданы
- 15.09.2022 ж., сағ.10:00 Р. Зорге көшесі, 9 (Ауданнның «Бақытты отбасы» қолдау орталығы)
Еске салсақ, бұған дейін аудан тұрғындарымен кездесу барысында көптеген өтініштерге байланысты Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев аудан әкімдерінің көпбалалы аналармен ай сайынғы кездесулерін ұйымдастыруды тапсырған болатын.
Дереккөз: Almaty.tv.