Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыдағы 450 иесіз электр желісі қала балансына беріледі

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша 2019 жылы 6 аудандағы иесіз электр желілерінің 170 нысаны қаланың коммуналдық меншігіне алынған еді.

Бұл желілер қала әкімдігінің қаулысымен «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-на әрі қарай қызмет көрсету үшін тегін берілді.

Бүгінгі күні қаланың 7 ауданында иесіз инженерлік желілердің тағы 450 нысаны анықталды (оның ішінде ТП — 146 дана, электр желілері — 253,6 шақырым, жылу желілері — 19,7 шақырым, су құбырларының желісі — 66,4 шақырым, кәріз желілері — 24,1 шақырым). Оларға қатысты одан әрі қызмет көрсету үшін қаланың коммуналдық меншігіне беру туралы соттың оң шешімі бар.

Алматы қаласы әкімдігінің қаулысымен 129 электр желісі «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ға тегін берілді.

Жалпы ұзындығы 50,7 шақырым болатын сумен жабдықтау желілерінің 77 нысаны мен ұзындығы 15,1 шақырым болатын 63 кәріз желілері нысандарын «Алматы Су» МКК-на тегін беру туралы Алматы қаласы әкімдігінің қаулылары дайын.

Жылу желілерінің 49 нысанын «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-не тегін беру туралы Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы дайын.

Қазіргі кезде қабылдау-тапсыру актілерін дайындау бойынша жұмыс жүріп жатыр.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.