Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда жылу қашан қосылады

"Алматы жылу желілері" ЖШС қалада жылу беру маусымы қашан басталатынын айтты.

Компания Алматы қаласында жаңа жылу маусымының ашылуы метеорологиялық болжамдар мен ауа райының күнделікті мониторингі негізінде анықталатынын айтты.

"Алматы қаласын жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларына сәйкес, уәкілетті органның қаулысымен сыртқы ауаның тұрақты орташа тәуліктік температурасы бес күнде +8°С және одан төмен болған кезде объектілерді кезең-кезеңімен жылуға қосу басталады", - деп хабарлады "Алматы жылу желілері" ЖШС.

Тұтынушыларды жылумен жабдықтауға қосу мына тәртіпте жүзеге асады:

  • балалар, емдеу, мектеп мекемелері, кәсіптік-техникалық училищелер, медициналық-әлеуметтік мекемелер;
  • тұрғын үйлер, жатақханалар, қонақүйлер;
  • әкімшілік ғимараттар, оқу орындары, театрлар;
  • басқа ғимараттар.

Кәсіпорын өкілдері ауа райы болжамы талапқа сай болған кезде "Алматы жылу желілері" ЖШС тұтынушыға (үйге кіргенге дейін) жылу беретініне сендірді.

 

Дереккөз: Zakon.kz

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.