Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда жылдың соңына дейін 601 көше жарықтандырылады

Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев тұрғындармен есептік кездесу барысында хабарлады.

Тұрғындармен кездесу барысында Жетісу ауданындағы Кемел ықшамауданының тұрғыны жарықтандыру мәселесіне тоқталды.

“Жарықтандыру мәселесі бойынша жұмыстар жалғасын табуда. Бізде жарықтанбаған 600-дей көше қалды. Бірінші жарты жылдықтың соңына дейін аталмыш көшелерді жарықтандартын боламыз. Қаржы бөлінген, мердігерлер жұмысын атқаруда. Аудан әкімдері де қадағалап отыр”, - деді Бақытжан Сағынтаев.

2020 жылы қала шетіндегі 1 423 көше (Алатау, Наурызбай, Жетісу, Түрксіб) жарықтандырылды. Қалған 601 көшені 2021 жылдың соңына дейін жарықтандыру жоспарланған.

Сыртқы жарық желілерін модернизациялау қолданыстағы энергияны тұтынатын тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді (натрий) шамдарын энергияны үнемдейтін жарықдиодты шамдармен ауыстыруды қамтиды, осының арқасында электр энергиясының 15%-ы үнемделетін болады. Электр энергиясының үздіксіз жұмысын қамтамасыз үшін жер асты кабельдері тартылады. СЖЖ–нің ескі бағаналары ауыстырылады.

2020 жылы тағы 7 көше жарықтандырылды: Достық даңғылы, Сайын, Момышұлы, Шаляпин, Жансүгіров, Солтүстік айналма жол, Гагарин көшелері.

Ауланы жарықтандыруға қатысты айтар болсақ, қазіргі кезде жауапты басқарма жобалық-сметалық құжаттамалар әзірлеуде, оның аясында жарықтандырылмаған аулалар есепке алынатын болады. Қазіргі кезде жоба сараптамадан өтуде.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.