Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда заңсыз салынған тұрғын үй кешені сүріледі

Сот шешімімен заңсыз салынған нысанды бұзу туралы талап қанағаттандырылды.

Сот Наурызбай ауданындағы «Qadam» тұрғын үй кешенін сүруге шешім шығарды.

Бұған дейін Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы нысанды тексеріп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады. 4 қабатты тұрғын үйдің құрылысы рұқсат құжаттарынсыз басталған. Тексеру нәтижелері бойынша «Qadam ТК» ЖШС-не қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, кейіннен заңсыз салынып жатқан нысанды бұзу туралы талап арыз жазылды.

Нәтижесінде сот шешімімен заңсыз салынған нысанды бұзу туралы талап қанағаттандырылды. Қазір шешімнің заңды күшіне енгенін күтіп отыр.

Жылжымайтын мүлікті сатып алудан бұрын тұрғындар салынып жатқан үй туралы ақпаратты тексеріп, мына жедел желі арқылы құжаттар пакетінің түгелдігін анықтай алады: +7 (727) 229-81-36.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.