Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда заңсыз салынған төрт қабатты ғимарат бұзылды

Алматыда Бөгенбай батыр көшесі, 24 үй мекенжайында орналасқан заңсыз салынған құрылыс нысаны сүрілді.

Алматы құрылысын бақылау басқармасының талабы бойынша тұрғын емес үй-жайлар жөніндегі сот процестері ұзақ уақытқа созылды. 2022 жылғы 17 қаңтарда Медеу аудандық соты өз бетінше салынған құрылысты бұзу туралы қаулы шығарды.

Алайда кейін апелляциялық шағымдар Алматы қалалық сотында және ҚР Жоғарғы Сотында қаралды.

«2022 жылғы 30 қарашада Жоғарғы сот бірінші сатыдағы сот пен Алматы қалалық сотының қаулыларын өзгеріссіз қалдырды, содан кейін қаулы қаланың Әділет департаментінің өндірісіне түсті», - делінген әкімдік таратқан ақпаратта.

Бүгін сот орындаушыларының қатысуымен ғимарт бұзылып жатыр.

Бұған дейін Алматыда соттың шешімімен ірі мейрамхана сүрілгені туралы жазған едік.

 

Дереккөз: inform.kz

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.