Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда «ВВВ» ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі расталды

Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі өткен жылы «тұрақты» болжамымен «ВВВ» деңгейінде берілген ұзақ мерзімді кредиттік рейтингті растады.

Бұл Алматы қаласының жақсы кредиттік сапасын білдіреді және мәжбүрлі карантин шараларына қарамастан, қаланың тұрақты кредиттік қабілеттігін көрсетеді.

Бұл бағалау ірі инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру үшін қала экономикасына ірі ұзақ мерзімді инвестицияларды тарту үшін қолайлы көрсеткіш болып табылады.

Алматының кредиттік рейтингі халықаралық инвестициялық қауымдастықтың назарын аудару мақсатында, Fitch Ratings бағалайтын жетекші әлемдік астаналар рейтингтерінің тізіміне енгізілген.

Дүниежүзілік банк құрамындағы Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC) келешекте ұзақ мерзімді капиталға және Алматы инфрақұрылымына инвестицияны көбейтуге қол жеткізу үшін, кредиттік рейтингті тағайындауға және растауға тікелей қатысады.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.