Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында «вакциналаудан өткені туралы электронды паспорттарды сату жөніндегі жаңа бизнес» туралы материалдар жарияланды. Қоғамдық денсаулық басқармасы мұндай іс-әрекеттің қылмыстық сипатқа ие болатынын және заң жүзінде жауапкершілікке тартылатынын ресми түрде хабарлайды. Жарияланым шыққан сәттен бастап арнайы қызметтік тергеу басталды.
Қазіргі кезде вакциналаудан өткені жөніндегі электронды паспорттың сатылғаны туралы факт дәлелденбеді.
Сонымен бірге барлық медициналық ұйымдар мен ӨКЭА-ның ақпараттық жүйелері мен мәліметтер базасын толық салыстыру басталды.
Тергеу нәтижелері, егер бұл ақпарат расталса, ҚР заңнамасына сәйкес шаралар қолдану үшін құқық қорғау органдарына беріледі.
Сонымен бірге ҚДБ вакциналау мәселелері бойынша ақпараттық жүйелерге қолжетімді қызметкерлермен профилактикалық шаралар жүргізуде.
Қызметтік тергеу барысы туралы ақпарат түскен кезде хабарланатын болады.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі