Алматыда 2020 жылдың соңына дейін 29 ЖОО мен 3 колледж студенттері үшін 39 жатақхана салу жоспарлануда. Оның ішінде 8 жер телімін әкімдік бөлді, 19-зы жоғары оқу орындарына және 2-уі инвесторларға тиесілі. Үш жатақхана бойынша жер мәселесі әлі шешілмеген.
- Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті үшін 2 жер телімі бөлінді - Жамбыл көшесінің оңтүстігі мен Байтұрсынов көшесінің шығысына қарай; Гоголь көшесінің солтүстігі мен Досмұхамедов көшесінің шығысына қарай.
- Қазақ спорт және туризм академиясына жер телімін бөлді: Жандосов көшесі, Жароков көшесінің қиылысы. Мұнда 500 орынға жатақхана салынады.
- «Ұлттық медицина университеті» АҚ Шевченко көшесі,128а мекенжайында орналасқан 500 орындық жатақхананы 2021 жылдың мамырына дейін жалға алады.
- Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ 262 орындық бір ғимарат салып, Ладыгин көшесі,34 мекенжайында орналасқан 500 орындық басқа жатақхананы жөндейді.
- Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті үшін М. Горький атындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағының маңында 500 орындық жатақхана салады.
- Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті үшін әл-Фараби даңғылы,71 мекенжайында жатақхана салынады. Осындай қағидат бойынша Қазақ ұлттық аграрлық университеті үшін Абай даңғылы,8 мекенжайында студенттер тұратын ғимарат тұрғызылады.
- Инвестор Азаматтық авиация академиясы үшін Қапшағай көшесі,2/10 мекенжайында ғимарат салады. Сондай-ақ, Қазақстан-Ресей медициналық университетінде бір жатақхана ашылады.
- атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы әкімдікке 664 орынға арналған жатақхана салу үшін жер телімін беру туралы өтініш білдіреді.
- инженерлік-технологиялық университеті инвестормен бірге әл-Фараби даңғылы,93 А мекенжайында орналасқан ғимаратты жөндейді. Мұнда студенттер үшін 150 орынға жатақхана салынады.
- Алматы менеджмент университеті үшін Розыбакиев көшесі,227 мекенжайында жатақхана салынады.
- Әкімдік «Университет Алматы» ЖШС ғимаратын салу үшін жер телімін бөлді. 500 орындық жатақхана Төле би көшесіндегі Алтын бесік ықшамауданында пайдалануға беріледі.
- Инвестор Алматы энергетика және байланыс университеті үшін Түрксіб ауданында екі жатақхана салады.
- Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы үшін Құрманғазы көшесі,107 мекенжайында жатақхана құрылысы басталды.
- Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы Каблуков көшесі,132 мекенжайында 280 орындық жатақхана салуды жоспарлап отыр.
- Құрманғазы көшесі,150 мекенжайында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті үшін 350-400 орындық жатақхана салынады.
- Каспий университеті Сүйінбай даңғылы, 66Д мекенжайында орналасқан қонақ үйді сатып алды. Бұл ғимарат жөнделіп, студенттерге арналған 230 орындық жатақхана болады.
- Халықаралық білім беру корпорациясы Торайғыров көшесі, 33 мекенжайында екі ғимаратты салады. Нархоз университеті Таугүл,34 ықшамауданындағы жатақхананы жөндейді.
- колледж үшін Қазыбаев көшесі,270 мекенжайында ғимарат салынады.
- №1 Алматы Қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжіне Шемякин көшесі,131 мекенжайында жатақхана беріледі.
- Қазіргі уақытта Алматыда Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің жатақханасы пайдалануға берілді.
Ақпарат көзі: Tengrinews.kz