Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда туристік автобустарға арналған тұрақ орындары пайда болды

Қаланың туристік инфрақұрылымын дамыту бойынша жасалып жатқан кешенді жұмыстар шеңберінде Алматы қаласының әкімдігі туристік автобустарға арналған тұрақтар ұйымдастырды. Мұндай инфрақұрылымның қажеттілігі туралы мәселені қаладағы туроператорлар көптен бері көтеріп келген.

Тұрақтар қала тұрғындары мен қонақтары үшін ең тартымды деген негізгі туристік нысандарды қамтиды. Соның ішінде:

  • Республика алаңы (Сәтпаев көшесіндегі тұрақ). Бұл жерде еңселі еліміздің еркіндігінің нышаны болған «Тәуелсіздік монументі» орналасқан. Сонымен қатар бұл жер қаламыздың саяси орталығы – Алматы қаласының әкімдігі, Президент резиденциясы осында.
  • Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі (Зенков көшесіндегі тұрақ). Бұл жерде туристер 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта серуендеп, Вознесенск кафедралы шіркеуі, Даңқ мемориалымен таныса алады.
  • М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры (Абай даңғылындағы аялдама). Бұл жерде туристер «Жас Отау» неке сарайы және Қазақ мемлекеттік циркі ғимараттарымен таныса алады.
  • ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақ (Дулати көшесіндегі тұрақ). Бұл саябақта алғашқы ағаштардың бірін (емен) Елбасы - Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2001 жылы өзі отырғызған.

Қаламызды туристер үшін ең тартымды әрі жайлы ету мақсатындағы жұмыс жалғасады.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.